Қызықты орындар Культурное наследие Ескерткіштер

«Азамат соғысы жылдары қаза тапқан қостанайлықтарға арналған» ескерткіш

«Азамат соғысы жылдары қаза тапқан  қостанайлықтарға арналған» ескерткіш

Азамат соғысы жылдары қаза тапқандарға ескерткіш бастапқыда Жеңіс саябағында  көтерілісшілердің бауырластар зиратында орнатылды. 1998 жылы ол «Ату қабырғасы» тарихи ескерткішіне ауыстырылды. Авторлар: мүсіншілер И.М.Большанин және Л.П.Белоусов.

Ескерткіш Қостанай облыстық тарихи- өлкетану музейдің Тарихи саябағында орталық орынды иеленеді, «Ату жазасы орындалған қабырғаның» сол жақ бөлігіне жанасқан кірпіш қабырға бойында орнатылған.

Монумент тұрған қалыптағы  үш қызыл әскер жауынгерінен құралған  мүсін тобы түрінде берілген. Сәл алға қарай командир бейнесі, оның артында екі жауынгер тұр. Жауынгерлер қол ұстасып тұр, революция күрескерлерінің өлім алдында да ынтымағы мен бірлігін көрсете білген. Мүсіндердің биіктігі – 2 м. Ескерткіш және оның тұғыры мыспен қапталған.

Ескерткіш мерзімі: 1993 жыл.

Орналасқан жері
Егер сіз осы жерде болған болсаңыз, әсерлеріңізбен бөлісіңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.
Ауа райы
Ср, 30.04.2025
10:00
Солнечно
14.2° C
Қостанай
Ылғалдылық: 26%
Жел: 22.3 км/ч
Powered by WeatherAPI.com
Қате туралы хабарлау
mistake_report_explanation