Қазыбек би ескерткіші

Қазыбек би Келдібекұлы (1667 - 1764 жж. басқа да мәліметтер бойынша 1665 - 1765 жж.) – қоғам және мемлекет қайраткері, Орта жүздің биі, Тәуке ханның кеңесшісі, шешен. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан. Дана және әділ би, батыл және ержүрек батыр болған.Тәуке ханның тапсырмасы бойынша ұлы жүзден Төле бимен бірге, Кіші жүзден Әйтеке бимен бірге «Жеті Жарғы» заңдар жинағын құруға қатысты.
Мүсінші: Баян Баталова - ҚР суретшілер Одағының мүшесі. Қазыбек би мүсінінің биіктігі – 1 м 20 см, бетоннан жасалған және қола түрінде күңгірттелген. Мүсін ақ мәрмәрмен қапталған тікбұрышты бетон тастұғырға орнатылған. Би ұлттық киімде бейнеленген, сол қолында шиыршық қағаз - заңдар жиынтығын ұстап тұр. Тастұғырдың жоғарғы жағындағы мәрмәр тақтаға Қазыбек бидің аты және өмір сүрген жылдары мемлекеттік тілде жазылған. Тастұғыр негізі бетоннан жасалып, гранитпен қапталған. Тұғырдың көлемі қимада – 2х2 м. Тастұғырдың биіктігі – 1м 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 3,5 м. Ескерткіштің айналасындағы аумаққа жаяужол кеспе тастары төселген.
Ескерткіш мерзімі: 2007 жыл.
