Қызықты орындар Культурное наследие Ескерткіштер

Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіші

Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіші

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) – қазақ халқының атақты ұлы, ұлттың рухани көшбасшысы, көрнекті ағартушы, ғалым-түркітанушы, лингвист, қазақ тілі орфографиясының реформаторы, алғашқы қазақ оқулықтарын құрастырушы, ақын, публицист, алғашқы жалпы ұлттық «Қазақ» газетінің негізін салушы, көрнекті қоғам және саяси қайраткер.

2000 жылы Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.А.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш ашылды. Ескерткіштің авторы – қазақтың белгілі мүсіншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚСРО еңбек сіңірген өнер қайраткері Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы.

Ескерткіш А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің бас ғимаратының алаңында орнатылды. Композиция үш бөліктен тұрады: мүсін, тастұғыр және негіз. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері фракта ойланып отырған қалыпта бейнеленген, оң қолына қаламұш ұстап, орындыққа шынтағымен сүйеніп отыр. Мүсін гранитті блоктармен қапталып, мәнерлі тұғырға орнатылған. Тұғырдың жоғарғы бөлігіндегі бет жағында «Ахмет Байтұрсынов» деген жазу жазылған. Тұғыр үш жағынан да ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Тұғырдың негізі бетоннан жасалып, беті мәрмәрмен қапталған. Мүсіннің биіктігі 2 м, мыстан жасалған. Тұғырдың биіктігі – 95 см. Материалы: мыс, мәрмәр, бетон.

Ескерткіш мерзімі: 2000 жыл.

Орналасқан жері
Егер сіз осы жерде болған болсаңыз, әсерлеріңізбен бөлісіңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.
Ауа райы
Ср, 30.04.2025
11:00
Солнечно
14.1° C
Қостанай
Ылғалдылық: 28%
Жел: 23.4 км/ч
Powered by WeatherAPI.com
Қате туралы хабарлау
mistake_report_explanation