Қызықты орындар Культурное наследие Ескерткіштер

Кеңес Одағының Батыры И.Ф.Павловтың бейітіндегі ескерткіш

Кеңес Одағының Батыры  И.Ф.Павловтың бейітіндегі ескерткіш

Иван Фомич Павлов (1922-1950) – Ұлы Отан соғысына қатысушы, ұшқыш-шабуылдаушы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры.

1950 жылдың 12 қазанында И.Ф. Павлов түнгі ұшу жаттығуында, қызметтік міндеттерін  орындау барысында қаза тапты. 20 қазанда оны Қостанайдағы қалалық зиратқа - қазіргі Жеңіс саябағындағы Батырлар Аллеясына салтанатты түрде жерледі.

Қола мүсін тік бұрышты нысандағы мәрмәр тастан жасалған тұғырға орнатылған. И.Ф. Павлов ҰОС кезіндегі ұшқыш киімінде бейнеленген. Тұғырдың беткі жағына екі тілде: «Кеңес Одағының Екі мәрте Батыры гвардия майоры Павлов Иван Фомич (1922 – 1950 гг.)» деп жазылған. Тұғырдың негізінде граниттен тікбұрышты қабірлік тақта жасалған.

Ескерткіш мерзімі: 1950 жыл.

Орналасқан жері
Егер сіз осы жерде болған болсаңыз, әсерлеріңізбен бөлісіңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.
Ауа райы
Ср, 30.04.2025
10:45
Солнечно
14.1° C
Қостанай
Ылғалдылық: 28%
Жел: 22.3 км/ч
Powered by WeatherAPI.com
Қате туралы хабарлау
mistake_report_explanation