Қызықты орындар Культурное наследие Ескерткіштер

«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға» мемориал

«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға» мемориал

Ескерткіш 1968 жылы Қамысты ауылының орталық алаңында салынды. Орталық орынды  биік тұғырдағы жауынгер мен әйелдің мүсіндік тобы алады. Алаң батыс жағынан мемориалдық қабырғамен аяқталады, онда қаза тапқан жауынгерлердің аты-жөндері  жазылған тақталар  бекітілген.

 Солтүстік және оңтүстік қабырғасы тегістелген гранитті пилонмен қапталған, шығыс жақ қырында «Ұлы Отан соғысы» мен «Жеңіс» ордені және 1941-1945 жылдар  деп   қашалып  жазылған. Алаңның солтүстік және оңтүстік жақтары аласа жақтаумен қоршалған. Алаңның ортасында, мүсіннің алдында, шағын подиумда мәңгілік алауы бар бес бұрышты жұлдыздың рельефі орнатылған.

Материалы –металл,  мәрмәр тақталар, бетон. Өлшемі: мүсіннің биіктігі – 3,5 м., тұғыры –  1,8 х 2,3 м., алаңы -  14 x 29  м.

Ескерткіш  мерзімі: 1968 жыл

Орналасқан жері
Егер сіз осы жерде болған болсаңыз, әсерлеріңізбен бөлісіңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.
Ауа райы
Ср, 30.04.2025
11:00
Солнечно
11.8° C
Қамысты ауданы
Ылғалдылық: 30%
Жел: 23.4 км/ч
Powered by WeatherAPI.com
Қате туралы хабарлау
mistake_report_explanation