«Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға» ескерткіші

Ескерткіш фашистік Германияны жеңудің 25 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналып салынған. Авторы белгісіз. Ескерткіш темір бетоннан салынған, қара түсті гранит тақталармен қапталған үш қырлы стела болып табылады. Стела 8 метрлік биіктікте шекілеу әдісімен лавр бұтағы бейнеленген металл сақинамен көмкерілген.
Стеланың алдыңғы жағынан тақталарға фотобаспа әдісімен қолында тапаншасы бар солдаттың портреті, бүйір жағынан – георгий лентасы салынған. Ескерткіш аласа екі сатылы тұғырға орнатылған. Стеланың артында ҰОС жылдары Қарабалық ауданының қаза тапқан тұрғындарының аты-жөндері жазылған қара гранит тақталармен қапталған мемориалдық қабырға (ұзындығы 15 м., биіктігі 3 м., қалыңдығы 1 м.) орналасқан.
Ескерткіш мерзімі: 1970 жыл.




