Амангелді Имановтың мүсіні

Амангелді Имановтың мүсіні

Амангелді Үдербайұлы Иманов(1873-1919) - халық батыры, Торғай және Торғай облысында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрестің белсенді қатысушысы, Торғай уезінің әскери комиссары болды. Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық және қолбасшылық қабілеті 1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыстың алғашқы күндерінен танылды.

Ескерткіш авторы Қостанай мүсіншісі М.А. Белоусова және Л.П. Белоусов. Мүсін граниттен жасалған, биіктігі 1 метр. Амангелді Иманов бөрік киіп бейнеленген. Ескерткіш 2,78 м гранит тұғырында орналасқан, тік бұрышты қимада 69 х 64,5 см. Тұғыры 2 саты негізінде орнатылған, бүйірі гранитпен, сырты мәрмәр таспен қапталған. Ескерткіш алдындағы алаңға тас төселген.

Ескерткіш мерзімі: 1986 жыл.

Орналасқан жері
Егер сіз осы жерде болған болсаңыз, әсерлеріңізбен бөлісіңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.
Ауа райы
Сб, 16.08.2025
13:45
В отдельных районах умеренный или сильный дождь с грозой
18.1° C
Қостанай
Ылғалдылық: 73%
Жел: 6.5 км/ч
Powered by WeatherAPI.com
Қате туралы хабарлау
mistake_report_explanation