Қызықты орындар Культурное наследие Мемориал

Кеңес Одағының Батыры Н. А. Вычужаниннің зираты

Кеңес Одағының Батыры Н. А. Вычужаниннің зираты

Адай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым.

Кеңес Одағының батыры Николай Алексеевич Вычужанин (1919 – 1964 ж.ж.) Ұлы Отан соғысы жылдары қатардағы жауынгерден тәжірибелі командирге дейін соғыс жолын жүріп өтті. Соғыстан кейін Қостанай облысы Қамышен (қазіргі Қамысты) ауданының Адаевка ауылында тұрды және сол жерде жұмыс істеді. 1964 жылы 26 маусымда қайтыс болды.

1964 жылы  зиратының   басына бес жұлдызы бар конус пішінді ескерткіш орнатылды. Ескерткіш биіктігі 1,5 метр  қаңылтырдан жасалған. Кейінірек обелиск  гранитті ескерткішке ауыстырылды.

Құлпытас  ескерткіш тікбұрышты, гранит ұнтағынан жасалған. Жоғарғы бөлігінде сопақ пішінді металл тақтада лейтенант формасында     Н.А.Вычужаниннің кеудеден жоғары   портреті бейнеленген. Кеудесінде «Алтын Жұлдыз» медалі, Қызыл Ту және Ленин ордені. Бейіт  металл қоршаумен қоршалған.

Ескерткіш  мерзімі: 1964 жыл.

Орналасқан жері
Егер сіз осы жерде болған болсаңыз, әсерлеріңізбен бөлісіңіз, өз пікіріңізді жазыңыз.
Ауа райы
Ср, 30.04.2025
10:30
Солнечно
12.4° C
Қамысты ауданы
Ылғалдылық: 30%
Жел: 22.7 км/ч
Powered by WeatherAPI.com
Қате туралы хабарлау
mistake_report_explanation