Тың егініндегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан горькийлік студенттердің зираты

1956 жылы 9 қыркүйекте Қамысты ауданында өрт кезінде Горький (Нижний Новгород) қаласынан комсомол - студенттер қаза тапты. Қаза тапқан тың игерушілердің мәйіті 1956 жылы 11 қыркүйекте бауырластар зиратына жерленді.
1957 жылы қабірге тот баспайтын болаттан жасалған пирамида пішінді көп сатылы обелиск орнатылды. 2017 жылы ескі обелиск ауыстырылды. Зиратқа биіктігі 2-2,5 метр болатын сары түсті кірпіштен салынған стела мен екі ескерткіш тақта орнатылды.
Стела төрт қырлы, төбесіне бес бұрышты жұлдыз орнатылған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде БЛКЖО белгісінің бейнесі салынған қара граниттен жасалған тікбұрышты тақта орнатылған. Стеланың екі жағына қара граниттен жасалған мемориалдық тақталар орнатылған. Тақтаның сол жағында қайғылы оқиға туралы жазба, оң жағында – тегі мен туған күні көрсетілген қайтыс болғандардың тізімі жазылған.
Ескерткіш мерзімі: 1956 жыл.

